Кітапханалар үшін құнды сый

Ермек Тұрсынов пен Марғұлан Сейсембай

15.02.2025
15:00
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Кітапханалар үшін құнды сый
Ермек Тұрсынов – Ресми сайт

Өткен іс-шара:

Кинорежиссер әрі жазушы Ермек Тұрсынов Ұлттық кітапханаға кітаптарын сыйға тартты. Кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың қолдауымен жарық көрген 15 томдық шағын шығармалар жинағына – бірнеше рет жарық көрген туындылары енді. Осылайша, «Мәмлүк» романы тоғыз рет, «Өмірдің ұсақ-түйегі» бес рет жарық көрді. Алғаш рет «Эзоп тілі» ғана жарық көріп отыр.

Кей кітаптары бір мезгілде екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл – «Мұстафа Шоқай», «Сұлтан Бейбарыс», «Қарашаңырақ», «Мәмлүк». Естеріңізге сала кетейік, Ермек Тұрсынов – бірқатар культтік фильмдердің авторы, оның ішінде кинотрилогияға біріктірілген «Келін», «Шал» және «Жат» фильмдері ерекше танымал болды. Ұлттық кітапханаға келсек, Ермек Тұрсынов бұл кітапханамен ежелден дос.

Өз достарының көмегімен заманауи аудио-видео жабдықтары бар залды жасақтап берген. Мұнда оның кітаптарын тыңдауға, түсірген фильмдерін көруге болады. Шағын шығармалар жинағын кітапханаларға оқу-ағарту мақсатында сыйға тартқанын айтты.

– Рэй Брэдбери кітапты өртеуден де жаман қылмыс бар, бұл кітап оқымау деген екен, – деп атап өтті Ермек Тұрсынов. – Мен онымен келісемін. Инквизиция кезінде кітап пен диссиденттерді (еретиктерді) орталық алаңда өртеп жіберуді әдетке айналдырған. Бірақ қазір инквизициядан да қауіпті заман туды: адамдар кітап оқымағандықтан сауатты сөйлеуден қалып барады. Осы апатты тоқтатамын деген үмітпен кітаптарымды еліміздің кітапханаларына тарту етіп, ағартушылықпен айналысып жатырмын. Кітапты әркім сатып алуға қауқарлы болмайтыны – отандық кәсіпкерлерге  мәдениет саласын қолдау қажет деген белгі болса керек.

Ұсынылған кітаптардың ішінде тарихи романдар, публицистика, очерктер және заманауи көркем әдебиет те бар. Жазушы материал жинап, кейіпкерлерінің мінезін зерттей отыра, олар өмір сүрген жерлерді аралағанын айтты. Мәселен, ол араб елдерінде біраз жыл өмір сүріп, мәмлүктердің жолын саралаған, Мұстафа Шоқай жүріп өткен жолдарды көріп – ол туған Қызылорда облысындағы шағын стансадан бастап, жерленген Берлин зиратына дейін жүріп өткен.

Бөлісу:
';
Разработано: Y2K-CODE Политика конфиденциальности