Ермек Тұрсынов Әли Хамраевтың фильмінің таныстырылымында

Жабық көрсетілім

28.03.2025
19:00
Алматы қаласы
Dostyk Plaza СҮ-дегі Cinemax Dostyk Multiplex
Ермек Тұрсынов Әли Хамраевтың фильмінің таныстырылымында
Ермек Тұрсынов – Ресми сайт

Өткен іс-шара:

Алматыдағы Dostyk Plaza СҮ-дегі Cinemax Dostyk Multiplex кинотеатрында “Параджановтың бөртегүл түсті желі” фильмінің таныстырылымы өтті. Аты аңызға айналған режиссер, визуалды өнер шебері, терең мағыналы кинолары әлемдік кино тарихында өшпес із қалдырған Сергей Параджановқа арналған фильм.

Бұл таныстырылымды ұйымдастырған Ермек Тұрсынов . Таныстырылымға кинематографистер, сыншылар, Параджановтың өнерін құрметтеушілер жиналып, оның болмысы мен мұрасының сан қырлы тұстарын ашатын киноны тамашалады. Авторлық кино түсіруді жақсы көретін Ермек Тұрсынов мұндай жобалардың маңызына тоқталды, себебі олар киноөнерге басқа көзбен қарауға мүмкіндік береді. Ермек Тұрсынов өзінің “Келін”, “Шал”, «Кенже” атты ерекше кинотрилогиясымен танымал. Оның да туындылары Параджановтың еңбектері сынды төл мәдениеттен сусындайтын стильмен, терең метафоралармен, философиялық ой-толғамдармен ерекшеленеді.

“Параджановтың бөртегүл түсті желі” фильмінің таныстырылымы өнерді бағалайтын қауым үшін өзгеше құбылыс болды. Бұл іс-шара кинодан жай хикаяны емес, өнерді көргісі келетін бірнеше буын режиссер, сыншы, көрерменнің басын біріктірді. Ұлы шеберге деген құрмет қана емес, әрі мынадай ескерту сынды болды: саф өнер уақытқа тәуелді емес, талант — келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Ақпарат дереккөзі: NBmedia

Бөлісу:
Разработано: Y2K-CODE Политика конфиденциальности