Сіздерді ерекше шараға – Ермек Тұрсыновтың «Жан досым» атты үйішілік қойылымға шақырамыз. Бұл жай ғана музыка кеші емес, «сегіз қырлы, бір сырлы» туындыгермен жүзбе-жүз кездесу. Ол өз ойымен, тың тәжірибесімен, су жаңа жобаларымен бөліседі.
Ермек Тұрсынов – режиссер, жазушы және сценарист, оның шығармашылығы жүректен жүрекке қонатын шынайы туындылар. Оның фильмдері мен кітаптары ел ішінде кеңінен танымал, қазір ол көрерменіне шығармашылығының бір қырын бұрынғыдан әлдеқайда етене жақын дәрежеде көрсетпек.
Бұл үйішілік қойылымда Ермек өзінің жобалары туралы айтып, киножобалардағы жұмыс тәжірибесімен бөліседі, сонымен қатар көрермендеріне өз шығармашылығын көруге мүмкіндік береді. Бұл сөз қонған шешен, экран арқылы өзін мойындатқан хас шебермен кездесу ғана емес, киноның сыртындағы әлемде не болып жатқаны жөнінде әр көрермен қалаған сұрағын қоя алатын ашық диалог болмақ.
Сонымен қатар, Ермек өз шығармаларынан үзінді оқып, жеке басына қатысты әңгімесімен бөліседі, әңгіме-дүкен оны жаңа жобалар жасауға шабыттандырады. Үйішілік жылы атмосферада рақаттанасыз, талантты жанның әлемімен танысасыз. Музыка, әдебиет, киноны бір кеңістікте біріктіретін ерекше кештің бір бөлшегі болуға асығыңыз!