«Мамлюк» әлемге жол тартты!

Романның ағылшын тіліне аударылып, жарық көруі үшін халықаралық қаражат жинау басталды.

Қадірлі достар!

Біз FundRazr платформасында жазушы Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк » романын ағылшын тіліне аударып, жарыққа шығару мақсатында краудфандинг  кампания (топтық қаржылай көмек) бастадық.

Кітап нені баяндайды?

«Мәмлүк » —құлдыққа сатылып, артынан Мысырдың ұлы сұлтаны болған дала баласының эпикалық тарихы. Кітапқа болған оқиғалар мен ХІІІ ғасыр белесінде Таяу Шығыстағы ең ықпалды түрік билеушілерінің бірі Бейбарыс тұлғасынан туындаған шабыт арқау болған.

Мұның маңызы қандай?

Бұл кітап Ұлы даланың еркіндігін, абыройын, жеңістері мен мәдениетін сөз етеді. Біз күллі дүние осы тарихты естиді деп сенеміз. Ол үшін, яғни оның ағылшынша тіл қатуы үшін сіздің көмегіңіз керек.

Қалай жәрдем бере аламыз?

Бұл ешбір ілтипатсыз жылу жинау емес. Біз шығарманың жарық көруіне атсалысқан әрбір жанға алғыс айтамыз:

Сіз $10 доллардан бастап кез-келген сома көлемінде көмек көрсете аласыз. Барлық сомалар АҚШ долларымен көрсетілген.

Жылу мына электронды мекен-жай бойынша жиналады:

Неге атсалысу керек?

– Сіз қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейге шығуына көмектесесіз.  

– Сіз армандастар командасының бір бөлігіне айналасыз. 

– Сіз аса құнды сыйлықтар мен автордың жеке алғысын аласыз.

– Сіз осы арқылы басқаларға да үлгі болып, бәріміз бірге бұдан да үлкен белестерді еңсереміз.

Кейінге қалдырмаңыз!

Егер осы бастама жүрегіңізден орын алса достарыңызға айтыңыз, сілтемені басқаларға жіберіңіз, жобаға қолдау көрсетіңіз.

Бәріміз бірге күллі дүниеге «Мәмлүк » туралы жар салайық!

Бөлісу:
Разработано: Y2K-CODE Copyright © 2025 Ermek Tursunov